Jibek Joly туристік пойызы: Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстанды қамтыған мәдени сапар басталды

АСТАНА. KAZINFORM – 20–25 наурыз аралығында «Jibek Joly» халықаралық туристік пойызы Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстанды қамтыған мәдени-танымдық бағыт бойынша жолға шықты.

Jibek Joly туристік пойызы: Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстанды қамтыған мәдени сапар басталды
Фото: ҚТЖ

Жобаның жаңа кезеңінде бағыт алғаш рет Душанбе қаласына дейін ұзартылды.

Маршрут Ұлы Жібек жолының бойындағы Алматы — Түркістан — Самарқанд — Душанбе — Ташкент — Алматы секілді тарихи қалаларды қамтыды. Осы арқылы көне өркениет ошақтары мен заманауи мегаполистер біртұтас бағытта тоғысты. Турға 400-ден астам турист қатысты.
Тур пакетіне пойызбен жол жүру, кәсіби гидтердің сүйемелдеуімен экскурсиялар, туристік нысандарға кіру билеттері және туроператорлар ұйымдастырған трансфер қызметтері енгізілді.

Jibek Joly туристік пойызы: Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстанды қамтыған мәдени сапар басталды
Фото: ҚТЖ

Жобаның мазмұндық құндылығы оның Наурыз мерекесі және қасиетті Рамазан айының аяқталу кезеңімен тұспа-тұс келуі арқылы арта түсті. Бұл кезең — жаңару мен рухани тазарудың, сондай-ақ халықтар арасындағы мәдени байланыстарды нығайтудың айқын көрінісі. Туристтер аймақ халықтарының дәстүрлерімен, ұлттық салт-дәстүрлерімен, музыкасы мен тұрмыс-тіршілігімен, сондай-ақ тарихи мұрасымен танысу мүмкіндігіне ие болды.

Jibek Joly туристік пойызы: Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстанды қамтыған мәдени сапар басталды
Фото: ҚТЖ

Айта кетейік, «Jibek Joly» туристік пойызы 2024 жылы алғаш рет іске қосылып, Қазақстан мен Өзбекстан арасында 10 туристік рейс жүзеге асырылды. Бағытқа деген жоғары сұранысқа байланысты «Keruen Express» туристік пойызы да қатар жолға қойылды. Жалпы, жоба басталғалы бері шамамен 3000 турист тасымалданды.

Jibek Joly туристік пойызы: Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстанды қамтыған мәдени сапар басталды
Фото: ҚТЖ

Сонымен қатар, «Jibek Joly» туристік пойызы Kazakhstan International Tourism Fair (KITF) халықаралық көрмесінде ТМД кеңістігіндегі алғашқы халықаралық туристік пойыз ретінде сәтті жүзеге асырылғаны үшін «Үздік туристік өнім» номинациясы бойынша марапатқа ие болды.

Jibek Joly туристік пойызы: Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстанды қамтыған мәдени сапар басталды
Фото: ҚТЖ

Жобаны «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Өзбекстан темір жолдары», «Тәжікстан темір жолдары» және «Қазақстан туризм индустриясы» қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырды.

Jibek Joly туристік пойызы: Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстанды қамтыған мәдени сапар басталды
Фото: ҚТЖ

Аталған туристік пойыздың іске қосылуы теміржол туризмінің дамуына жаңа серпін беріп, өңір елдері арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ, Ұлы Жібек жолының тарихи мұрасын халықаралық деңгейде кеңінен насихаттауға ықпал етті. 

Айта кетелік «Jibek joly» туристік пойызы жолға шығатыны туралы жазған едік