Қ. Бакиев Ош қаласында болған митингіден қашып кетті
АСТАНА. Сәуірдің 15-і. ҚазАқпарат - Қырғызстан Президенті Құрманбек Бакиев бүгін таңертең Ош қаласында болған митингіге келді. Қ.Бакиевтің қала тұрғындарының қолдауына ие болу әрекеті жүзеге аспай қалды.
Митингіге қатысушылар президентке сөз сөйлеуге де жол бермеген, деп хабарлайды РБК
Митингіге Қ.Бакиевті жақтаушылар мен оның қарсыластары да келген, екі топтың арасында төбелес басталған. Митингіге 3 мыңнан 5 мыңға дейінгі адам қатысқан. Бірақ уақытша үкіметті жақтаушылардың қарасыны молырақ болған. Жаңа билікті Ош облысы басшылары да қолдады. Облыс басшылығы алаңға жиналғандарға «Құрманбек Бакиевке Ош қаласында орын жоқ» деп жариялады.
Мемлекет басшысының қарсыластары Қ.Бакиевтің көлігіне шабуыл жасап, оны ұстап алмақ болған. «АКИпресс-Ферғананың» хабарлауынша, президент күзетшілері адамдар тобын бұзып кете алған. Содан соң Қ.Бакиев және оның айналасындағылар қаладан асыға шығып кеткен.
Соңғы күндері Ош пен Жалал-Абадта президентті қолдаған митингілер болғанын айта кетейік. Сонымен қатар, Қырғызстанның уақытша үкіметі өзінің декретімен Қ.Бакиевті дербес құқықтығынан айыруға қаулы шығарды. Бұл ретте уақытша үкіметтің мүшесі Әзімбек Бекназаров Қ.Бакиев өзі берілмесе, оны тұтқындау үшін арнайы операция жүргізіледі деп мәлімдеді. Ә.Бекназаров уақытша үкімет осындай іс-әрекетке Қ:Бакиев елдің оңтүстігінде өзін қолдайтын митингілер жүргізіп жатқандықтан кезекті қақтығыстарды болдырмау үшін жасап отырғандығын айтты.
Қ. Бакиевтің өзі өзіне және оның отбасына қауіп төнбейтіндігі кепілдендірілсе, ол өзінің президенттік өкілдігінен бас тартатынын айтты. Алайда, сәл кейінірек уақытша үкіметтің төрайымы Роза Отынбаева үкіметтің Қ.Бакиевпен келіссөздер жүргізуге қарсы еместігін айтты, бірақ та соңғы мәліметтер бойынша 80 адам қаза тапқан 2010 жылғы сәуірдің 7-де болған оқиғадан кейін оған және оның отбасына қауіп төнбейтіндігіне кепілдік бере алмайтындығын жеткізді. Кеше Қ.Бакиев Ресей Федерациясының премьер-министрі Владимер Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Бір қызығы, РФ үкіметі баспасөз қызметінің осы әңгімеге қатысты берген ақпаратында Қ.Бакиевтің лауазымы көрсетілмепті.