Қ. Бәкиевті елден шығару Қырғызстандағы тұрақтылықты қалыптастыруға септігін тигізді - Х. Зальбер

АСТАНА. 29 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Қырғыз оқиғасы барысында сол кездегі президент Құрманбек Бәкиевті елден шығару тұрақтылықты қалыптастыруға септігін тигізді.

Қ. Бәкиевті елден шығару Қырғызстандағы тұрақтылықты қалыптастыруға септігін тигізді - Х. Зальбер

Бүгін ЕҚЫҰ Саммиті қарсаңында журналистерге арнап баспасөз мәслихатын өткізген ЕҚЫҰ-ның Жанжалдардың алдын алу жөніндегі орталығының директоры Херберт Зальбер осындай пікір білдірді.

«Тарих алдында бұндай қадамның дұрыс әлде бұрыстығы туралы айтуға ертерек. Алайда мен дәл сол кездегі, яғни ағымдағы жылғы сәуір айында бұндай қадамның дұрыс болғанын айта аламын. Өйткені, сол кезеңдегі халықаралық қоғамдастықтың алдында тұрған бірінші міндет - Қырғызстанда тұрақтылық жағдайын қалыптастыру болып табылған еді. Менің ойымша, қырғыздың сол кездегі президенті Құрманбек Бакиевті елден шығару ол елдегі тұрақтылықты құруға септігін тигізді», - деді Орталық директоры.