К. Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының ғимараты енді не болады?

АСТАНА. ҚазАқпарат - Күләш Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры ғимаратына басқа театр ұжымы көшіп барады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Астана қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Болат Мажағұлов мәлім етті.
None
None

«Қазіргі кезда Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры ғимаратын қаланың балансына беру бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Ғимараттың өзі Астана үшін тарихи құндылыққа ие және ол сәулеттік ескерткіштер қатарына жатады. Сондықтан да бұл нысанда театрлардың бірі қоныстанатын болады»,-деді ол. Б. Мажағұлов К. Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының бірқатар актерлары «Астана Операға» ауысқаннан кейін, қазіргі кезде ұжымның қалған бөлігін қызметпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстармен басқарма айналысып жатқандығын жеткізді. «Театр «Астана Операға» жаңадан орналасқан кезде, 235 адам жұмыспен қамтылмай қалды. Олардың ішінде қазіргі кезде 73-і қызметке орналасты, 35-і біздің кәсіпорындарға қызметке кірді, ал қалғандарының мәселелерін шешіп жатырмыз»,-деп түйді басқарма басшысы. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 3 ақпандағы № 43 қаулысымен Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Күләш Байсейітова атындағы ұлттық опера және балет театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны таратылады.

Соңғы жаңалықтар