00:03, 27 Тамыз 2015 | GMT +5
Қ.Бозымбаев дәрігерлік амбулатория мен жаңа мектептің ашылуына қатысты - Павлодар облысы
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысы Ақсу қаласының Қалқаман ауылында жалпы орта білім беру мектебі мен Жолқұдық ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды.

Жаңа медициналық ғимарат «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламаларын жүзеге асыру аясында салынған. - Амбулатория қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген. Нысанның құрылысы мен керек-жарақтарына облыстық бюджеттен 110 млн теңгеден астам қаржы жұмсалған. Ауылдық амбулатория 100 адамды қабылдайды. Жылдың соңына дейін облыста тағы да екі амбулатория пайдалануға беріледі, - деді облыс әкімі Қанат Бозымбаев. Облыс әкімі Қалқаман ауылындағы 300 орындық жаңа мектептің ашылуымен тұрғындарды құттықтады. - Мектепті жаңғыртуға, материалдық-техникалық базаны нығайтуға, жаңа кабинеттерді ашуға бағытталған кешенді шаралар жүргізіліп жатыр. Облыста мектеп желісін кеңейту жұмыстары жалғасын табады, - деді Қ. Бозымбаев.