Қ.Бозымбаев Кенжекөл ауылындағы жаңа мектептің ашылуына қатысты - Павлодар облысы (ФОТО)

- Соңғы екі жыл ішінде өңірде жеті мектептің құрылысы басталды. Қазіргі таңда бес білім ордасының есігі айқара ашылды. Бүгінде келер ұрпақтың білімді, дені сау әрі дарынды болып өсіп-жетілуіне барлық жағдай жасалған. Жаңа мектеп заманауи білім құралдары және мамандандырылған кабинеттермен жабдықталған, - дейді Қ. Бозымбаев. Жаңа нысанның ғимараты 30 оқу кабинеті, логопед пен психолог кабинеттері бар медициналық блок, кітапхана, мәжіліс және спорт залдарымен жабдықталған. Сонымен қатар мектепте еңбек сабақтары бойынша қыздар мен ұлдарға арналған шеберханалар бар. Кенжекөл орта мектебінде барлығы 83 ұстаз еңбек етеді. Олардың 90% - жоғары білімді мамандар. Атап өтерлігі, жаңа мектепте оқушылар бір ауысым бойынша білім алады. Ал күннің екінші жартысында балалар түрлі секциялар мен үйірмелерге қатыспақ. Мерекелік жиын барысында әр бірінші сынып оқушысына Елбасы атынан «Менің Қазақстаным» атты кітаптар табысталды.