К.Көкірекбаев Шу ауданындағы жаңа мектептің ашылуына қатысты (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Шу ауданы Бірлік ауылында 600 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді.
None
None

М.Х. Дулати атындағы білім нысанының салтанатты ашылуына Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев қатысты. Мектептің құрылысы өткен жылдың маусым айында басталған болатын. Мердігер компания- «Ник Тараз» ЖШС. Жобаның сметалық құны 930, 327 млн. теңгені құрайды. Мектеп 650 оқушыға арналған, 2 қабаттан және 3 блоктан тұрады. Мұнда 70 мұғалім қызмет етеді, оның 63-і жоғары, 7-і арнайы орта білімді. Нысан барлық қажетті материалдық-техникалық базамен жабдықталған.

Биыл облыста 449 мектеп жұмыс істейді. Жаңа оқу жылында 7 мектеп пайдалануға берілді. Бұлар: Жамбыл ауданы Еңбек ауылындағы 120 орындық, Қордай ауданы Қақпатас ауылындағы 250, Қордай ауылындағы 300, Меркі ауданы Интернациональное ауылындағы 300, Т. Рысқұлов ауданы Юбилейное ауылындағы 300, Шу ауданы Бірлік ауылындағы 600 және Бөлтірік ауылындағы 150 орындық орта мектептер.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың аяғына дейін 6 нысан пайдалануға беріледі (2 мектеп, 4 балабақша). Жамбыл облысында 2015-2016 оқу жылында оқулықтар және оқу-әдістемелік құралдарды алу және жеткізу үшін 918 млн. 683 мың теңге бөлінді.

Айта кетейік, бүгін барлық бірінші сынып табалдырығын аттанған оқушыларға ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан «Менің Отаным-Қазақстан» кітабы тарту етілді.

Соңғы жаңалықтар