Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қ.Көшербаев Комсомольское кен орнындағы жаңа өндіріс кешенінің ашылуына қатысты

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ. Сәуірдің 8-і. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Бозашы түбегінің солтүстігіндегі Өлі қолтық аумағында орналасқан Комсомольское кен орнындағы жаңа өндіріс кешенінің ашылуына қатысты,

Қ.Көшербаев Комсомольское кен орнындағы жаңа өндіріс кешенінің ашылуына қатысты
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Ком-Мұнай» ЖШС 2002 жылдан бері жұмыс жүргізіп жатқан кен орнының геологиялық қоры ? 13249 млн. тонна, ал өндірілетін қоры 5853 млн. тонна шамасында болжанып отыр. Жобаны жүзеге асыру үшін 255 млн. АҚШ доллары қарастырылған болса, бүгінде оның 250 миллионы игерілген. Кешеннің технологиялық сызбасы 7 нысаннан тұрады. Олар: экспорттау құбыры, мұнай қабылдау пункті, мұнай жинау пункті, бұрғылау алаңдары, кірме жолдар, мұнай дайындайтын орталық қондырғы (ЦУПП), құбыр материалдарын сақтайтын қойма. Ал 80 шақырымдық экспорттау құбыры «ҚазТрансОйл» компаниясының негізгі мұнай құбырына жалғасқан. Румындық «Petrom» компаниясының еншілес кәсіпорны болып табылатын «Ком-Мұнай» ЖШС Комсомольское кенішінен ХХХІІ- ішінара 15В блок шегінде көмірсутегі шикізатын өндіру шартына 2002 жылдың мамыр айында қол жеткізген. Маңғыстау ауданының аумағында орналасқан кен орны елді мекендер мен өнеркәсіп нысандарынан шалғайда жатыр. Өндірістік кешенге ең жақыны - 110 шақырым жердегі Қызан ауылы. Аудан орталығы Шетпе кенті кен орнынан 240 шақырымдай жерде.