Қ.Көшербаев пен Д.Мыңбай қызметтерінен босатылды
АСТАНА. 16 қаңтар. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Жарлықтарымен басқа жұмысқа ауысуларына байланысты:
Қырымбек Елеуұлы Көшербаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қызметінен;
Дархан Қамзабекұлы Мыңбай Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі қызметінен босатылды.
Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.