Қ. Көшербаев Жамбыл облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының жағдайымен танысады

ТАРАЗ. 12 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Жамбыл облысы бойынша жұмыс сапарының барысында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Қырымбек Көшербаев аймақтағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарымен және жылыту маусымының барысымен танысады,
None
None

деп хабарлады Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметінен.

Сапар бағдарламасында Қаратау шағын қаласына бару бар, онда вице-премьер «Игілік» МКК-на, Қаратау қаласын дамыту бағдарламасы бойынша қалпына келтіріліп отырған қазандық пен көп қабатты тұрғын үйге барады.

Таразда вице-премьер тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың бірқатар нысандарының, «Тараз энергиялық орталығы» АҚ, «Батуров атындағы Жамбыл МАЭС» АҚ-ның жұмысымен танысады, сондай-ақ «Самал» шағынауданындағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасы бойынша жөнделген көппәтерлі үйді көреді.  

Бұдан басқа «Тараз» агроөңдеу логистикалық орталығы» инвестициялық жобасының тұсаукесерін өткізу көзделуде.

Жұмыс сапарының соңында облыстық әкімдікте Жамбыл облысындағы мемлекеттік, салалық бағдарламалар мен жылыту маусымының барысын іске асыруды талқылау бойынша кеңес өтеді.

Соңғы жаңалықтар