Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театры 18-ші маусымын аяқтады

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«18 жас - жігіт жасы. Бұл маусым ішінде талай жетістіктерге жеттік, қазақ, шетел драматургтерінің шығармаларын сахналадық. Оған өздеріңіз де куә болдыңыздар. Астана тойына шашу ретінде «Абай» премьерасымен осы маусымды жауып, келер маусымды да осы премьерамен ашпақшымыз. Алда талай жоспарларымыз бар. Театрдың іргетасын қалап, шаңырағын көтерген алғашқы басшысы, Ж.Омаровтың 70 жылдығы келе жатыр... Театрдың төрінде тамаша қойылымдарда жүздесейік, ағайын», - деп сөзін аяқтады театр директоры Еркін Жуасбек.
«Біз бұл премьерада қазағының қайғы-қасіреті жанын жеген күрескер, жас Абайдың бейнесін сомдауға тырыстық»,- дейді театр директоры.
Абай рөлінде ҚР «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегерлері - Сырым Қашқабаев пен Нүркен Өтеуілов ойнады.
Режиссері - ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ә.Оразбеков