14:32, 03 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Қ. Мәми ТМД Бас прокурорлары Үйлестіру кеңесінің мүшесі болып сайланды
;АСТАНА. Желтоқсанның 3-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Астанадағы «Риксос» қонақүйінде ТМД елдеріне мүше мемлекеттердің бас прокурорлары кіретін Үйлестіру кеңесінің 18-ші мәжілісінің отырысы басталды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мәжіліс барысында Кеңес төрағасы РФ Бас прокуроры Юрий Чайка Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Қайрат Мәмидің Үйлестіру кеңесінің мүшелігіне сайланғандығы туралы мәлім етті. «Құрметті әріптестер, сіздерге Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Қайрат Мәмиді ТМД Бас прокурорлары Үйлестіру кеңесінің жаңа мүшесі ретінде таныстыруға рұқсат етіңіздер», деді Ю. Чайка.
Айта кетейік, ТМД Бас прокурорлары Үйлестіру кеңесі осы елдердегі прокурорлық қадағалау саласындағы ынтымақтастық пен өзара іс-қимылды ұйымдастыратын мемлекеттік орган болып табылады.