К.Мәсімов пен Ө.Шөкеев Беларусьтың «Дружбы народов» орденімен марапатталды (ФОТО)

БУРАБАЙ. ҚазАқпарат - Ақмола облысына қарасты Бурабай кентінде өтіп жатқан Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысы аясында ҚР Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов пен «Самұрық-Қазына» ӘАҚ» басқармасының төрағасы Өмірзақ Шөкеев Беларусьтың «Дружбы народов» орденімен марапатталды.
None
None

Орденді Беларусь Премьер-Министрі А.Кобяков табыс етті.

Ал ҚР Үкімет басшысы К.Мәсімов РФ Үкіметі төрағасының бірінші орынбасары И.Шуваловқа Қазақстанның екінші дәрежелі «Достық», ал Беларусь Үкіметінің басшысы Андрей Кобяковқа «Құрмет» орденін тапсырды. РФ Үкіметінің төрағасы Д.Медведев ҚР Үкімет басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевты Ресейдің «Дружба» орденімен марапаттады.

Соңғы жаңалықтар