Қ. Тоқаев: ҚР Президенті болашаққа көз жіберіп, интеграцияның дамуын жақтайтын сұңғыла саясаткер екенін тағы да қуаттады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жаңа геосаяси жағдайларда еуразиялық интеграцияны дамытудың нақты бағдарламасын айтып берді, деп хабарлады ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі Палата спикері Қасым-Жомарт Тоқаевқа сілтеме жасай отырып.

Қ. Тоқаев: ҚР Президенті болашаққа көз жіберіп, интеграцияның дамуын жақтайтын сұңғыла саясаткер екенін тағы да қуаттады

"ММУ-де өз дәрісінде Мемлекет басшысы жаңа геосаяси жағдайларда еуразиялық интеграцияны дамытудың нақты бағдарламасына тоқталды. Кеден одағы бойынша Еуразиялық экономикалық одақ қандай бағытта дамуы тиіс, бұл ауқымды жоба табысты болуы үшін қандай шаралар қабылдауға болатынын егжей-тегжейлі айта келе, ол өз әріптестерін өзінің ізімен алысты болжауға шақырды", - деп санайды Қ. Тоқаев.

"Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа заманауи әлемде тәжірибелілігі, сұңғылалығы, нәтижелілігі тұрғысынан тең келетін саясаткер жоқ деп айта аламын. ММУ-дегі дәріс "осыдан 20 жыл бұрын посткеңес қоғамдастығына ұсынылған интеграциялық жобаның келешегі туралы оның ой-пайымының квинтэссенциясына айналды», - деп қосты ол.

Оның пікірінше, ЕАЭО құрудың бастамашысы Нұрсұлтан Назарбаевтың алысты болжай білген көрегендігі - Мемлекет басшысы бұл жұмысқа аса жауапкершілікпен қарау қажет деп санайды, өйткені «кез келген жаңсақ қадам немесе кемшілік іскерлік орта мен миллиондаған адамдардың қолдауынан айырып, интеграциялық үрдістің жолын кесуі мүмкін».

Жаңа бірлестік құрудың пайдасына салмақты дәлелдердің біріне президент Н. Назарбаев жаһандық құбылыс ретінде интеграция туралы тезисті жатқызды. Бұл пікірімен келісе отырып, Қ. Тоқаев ел көшбасшысын жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыс жағдайында өңірлік ұйымдардың рөлін күшейту тұрғысынан қолдау қажеттігін айтты. Осыдан 20 жыл бұрын ММУ-де дәріс барысында Нұрсұлтан Әбішұлы, жаңа интеграциялық бірлестік әсіресе маңызды экономикалық проблемаларды шешуге ықпал етуі тиіс екенін баса айтқан болатын. Осы уақыт аралығында әлем адам танымастай өзгерді, жаһандық қауіпсіздіктің жаңа қырларымен қатар адамның дүниетанымын, адамзат келешегін түп-тамырымен өзгертетін инновациялық технологиялар пайда болды. Бұдан басқа қазақтандық көшбасшының әділ пікірі бойынша экономикалық ықпалдастық орталығы Азияға ығысты, бұл Қазақстанға еуропалық және азиялық құрылықтар арасындағы байланыстырып тұрған буын ретінде артықшылық береді.

Қ. Тоқаев мемлекет басшысының ЕАЭО жаңа жаһандық инновация және трансұлттық бизнес орталығы ретінде құрылуы тиіс деген тезисін қағидатты түрде маңызды деп санайды. Дәрісте айтылып өткен бұл ойдың түпкі мағынасы Еуразиялық инновациялық кеңес, Бірыңғай еуразиялық телекоммуникациялар желісін құру, Минск-Астана-Алматы бағыты бойынша темір жол магистральн, сондай-ақ «Каспий-Қара теңіз» арнасын салу ұсынысына саяды.

Сенат спикерінің айтуынша, энергетикалық ынтымақтастық болмаса, еуразиялық жоба табысты болуы мүмкін емес, өйткені Н. Назарбаев бұл өзекті мәселеге де баса мән берді. Еуразиялық кеңістікте шағын және орта бизнестің ұстанымын нығайту да аса маңызды, ол жаңа бірлестікке деген халықтың сенімі мен қолдауын арттырады.

ЕАЭО қатысушы мемлекеттер Қазақстан Президентінің Еуразиялық аграрлық экономика құру және ауқымды мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға кірісу қажеттігі туралы ұсынысына да оң көзқараста екендігіне күмән жоқ.

Қ. Тоқаев Кеңес Одағын қалпына келтіру мүмкін еместігі туралы Президент Н. Назарбаевтың мәлімдемесіне халықаралық қоғамдастықтың ерекше қызығушылық танытқанына да баса мән беріп өтті. Беделді саясаткер айтып өткен еуразиялық интеграция туралы тезис КСРО-ға қарай кері кету емес, бірлесіп алға ұмтылу, яғни Қазақстан тәуелсіздігін жоғалтады деген алып-қашпа тақырыпқа нүкте қояды. Қазақстан көшбасшысы кеңестік дәуірге қайта қайту мүмкін еместігімен қоса, кез келген байыбына бармаған саясаткер келісуге мәжбүр болатын маңызды дәлелдер келтірді» , - деп санайды Сенат спикері.

Қ. Тоқаевтың пікірінше, Президент Н. Назарбаевтың ММУ-де оқыған дәрісі аса саяси маңызды оқиға болып табылады, өйткені әлемдегі көптеген елдерде еуразиялық ықпалдасу аясында өрбіген сұраққа негізді жауап болады. Сенат спикері аталмыш дәрістің материалын БҰҰ, ЕҚЫҰ, басқа да халықаралық ұйымдарға тарату қажет деген пікірді ұстанады, өйткені оның авторы еуразиялық жобаның бастамашысы Президент Н. Назарбаев болып табылады.