Қ. Жақыпов: Депутаттық заң жобасы балаларды жағымсыз ақпараттардан қорғауға жол ашады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Палата Төрағасы Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен өткен Мәжілістің жаңа жылдағы алғашқы жалпы отырысында халық қалаулылары «Балалаларды денсаулығы мен дамуына зиян тигізетін ақпараттан қорғау туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады.
None
None

Бұл заңды қабылдаудың өзектілігі ақпараттық кеңістіктің жаһандану жағдайында ақпараттық теріс ықпал етуге ұшырап жататын балалардың әлсіздігімен түсіндірледі.

Қаралып отырған заң жобасының маңыздылығын алға тартқан Қабиболла Жақыпов құжатты мемлекеттік тілде әзірлеп ұсынған депутаттарға алғысын жеткізе келіп, заң жобасын қабылдау өскелең ұрпақты психикалық зақым түсіруге, қоғамға қарсы әрекеттерге жол ашуға ықпал ететін ақпараттардан қорғауға жол ашатынына сенім білдірді.

Заң жобасы түрлі жастағы балаларға арналған ақпараттық өнімдерге(баспа, үн-бейне таспа, БАҚ басқа да) олардың психофизиологиялық ерекшеліктерін есепке ала отырып арнайы талаптар бекітуді қарастырады.

Заң жобасымен жұмыс барысында депутаттар ақпараттық өнімге сараптама жүргізу тетігін бекітуге, сарапшыларға қойылатын талаптарды белгілеуге, сарапшылар мен сараптама ұйымдарын аккредиттеу тәртібін айқындауға, осы саланы реттейтін мемлекеттік органдар құзыретінің аражігін ажыратуға, сондай-ақ, заң жобасының жекелеген нормаларын нақтылауға, мазмұнын жақсартуға бағытталған түзетулер енгізді, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар