«Кабирхан» қатысқан ат бәйгесінің режиссері Көшпенділер ойынына келді

АСТАНА. KAZINFORM – Британдық режиссер Джонатан Эдвардс «Қазақстан» телерадиокорпорациясының шақыруымен Астанада өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойынына келді. Бұл туралы «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы хабарлады. 

Джонатан Эдвардс
Фото: «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемдік деңгейдегі ат жарыстары мен спорттық шаралардың режиссері 13 қыркүйек күні «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетілетін бәйгенің трансляциясына режиссерлік етеді. Бүгін «Қазақстан» телерадиокорпорациясының түсірлім тобымен бірге «Қазанат» ипподромында болып, Корпорацияның техникалық мүмкіндіктерімен танысты. 

Джонатан Эдвардс
Фото: «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Джонатан Эдвардс – 20 жылдан астам тәжірибесі бар спорт режиссері. Регби, бадминтон, триатлон, авто, мотоспорт, гольф, хоккей және ат спортынан халықаралық жарыстарға, оның ішінде қазақстандық сәйгүлік «Кабирхан» қатысқан Дубайдағы «Al Maktoum Challenge» турниріне режиисерлік еткен.

Джонатан Эдвардс
Фото: «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көшпенділер ойындары аясындағы ат жарысы «Qazsport» телеарнасынан 13 қыркүйек күні Астана уақытымен сағат 09.00-ден бастап көрсетіледі. Тікелей эфир трансляциясы арнаның You Tube, Facebook, Tik-Tok желісіндегі парақшалары арқылы таратылады.

Еске сала кетейік, жыл басында қазақстандық сәйгүлік Кабирхан Дубайда өткен жарыста топ жарған еді. Талай шетелдікті таңдай қақтырған тұлпар Қазақстанның атын әлемге танытты.

Соңғы жаңалықтар