Кабулдегі Ресей елшілігінің жанында бомба жарылды

АСТАНА. Мамырдың 18-і. ҚазАқпарат -Бүгін таңертең Кабулдың орталығында қуатты жарылыс болды.

Кабулдегі   Ресей елшілігінің  жанында  бомба  жарылды

Associated Press агенттігінің хабарлауынша, жанкешті-лаңкес Дар-уль-Аман көшесіндегі Ресей елшілігіне жақын жерде тұрған көлікті жарып жіберген. Жарылыс болған жерге жақын жерде сондай-ақ, Ауғанстан үкіметінің ғимараты, оның ішінде Энергетика министрлігі орналасқан.

Бірқатар дерек көздердің хабарлауынша, лаңкес Ауғанстанның Қорғаныс министрлігі ғимаратының жанындағы НАТО әскери жасағын жарып жібермек болған.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Оқиға орнын полиция мен әскерилер қоршауға алды.