Кабулдің көшелеріндегі ұрыста үш адам мерт болды
АСТАНА. Қаңтардың 18-і. ҚазАқпарат - «Талибан» содырларының Кабулдегі үкіметтік үйлер кешеніне шабуылы салдарынан үш адам мерт болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters сайтына сілтеме жасап. Алдын ала деректерге қарағанда өлім құшқан екеу - лаңкестер.
Содырлардың көзін Ауғанстан қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері жойған. Тағы 13 адам түрлі жарақаттар алған және ауруханаға жеткізілген. Олардың басым бөлігі - бейбіт тұрғындар, сонымен қатар, зардап шеккендердің ішінде бірнеше әскери қызметкер бар.