Кадет корпусына түсуді жас түлектердің көбісі армандайды - ҚР ҚМ
Олардың 283-і БҰТ тапсырып, 153-і кешенді тестілеуге дайындық үстінде. Ағымдағы жылдың 26 шілдесіне дейін 30 немесе одан жоғары балл жинаған үміткерлер іріктеудің келесі кезеңдерінен өту үшін Кадет корпусына жіберілді. Бастапқыда кәсіби-психологиялық іріктеу, нормативті дене даярлығынан өту, содан кейін медициналық куәландыру, жас жауынгердің курсы және соңғы кәсіби-психологиялық іріктеуден өткен сарбаздар оқу орнына қабылданады. Әр кезеңнен өтуге бір мүмкіндік беріледі. Ш.Уәлиханов атындағы ҚР ҚМ Кадет корпусы - кіші командалық құрамдағы білікті әскери кадрларды даярлайтын оқу орны. Кадеттерді оқыту бағдарламасы екі жылдан тұрады. Бірінші курста әскери істің негіздерін және мамандық бойынша пәндерді зерделейді, ал екінші курста - әскери тәжірибе жинақтауға кіріседі. Оқуды бітіргеннен кейін кадеттіктерге «Әскери басқару» мамандығы бойынша «Әскери басқарудың кіші маманы» (менеджер)» біліктілігімен қоса 3-сыныпты жаяу әскерлер әскери көлігінің механик-жүргізушісі және «В» және «С» санаттары бойынша автокөлік жүргізушісі куәлігі беріледі. Бүгінгі күнге дейін оқу орны Қазақстанның Қарулы Күштеріне 2 200-ден астам маман даярлап шығарды. Қазіргі таңда түлектер түрлі бөлімдер мен бөлімшелерде Қарулы Күштердің бас сержантынан бастап бөлімше командирлеріне дейінгі лауазымдарда әскери қызметін сәтті атқарып келеді.