Кадр болмаса, аурухана салуды тоқтату керек - Елбасы

АСТАНА. 11 қазан. ҚазАқпарат - Кадр болмаса, аурухана салуды тоқтату керек. Бүгін Ақордада өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.
None
None

Мемлекет басшысының атап өутінше, 2012 жылы денсаулық сақтау саласын қаржыландыру 8 млрд. долларды құрады. Бұл еліміздің жалпы ішкі өнімінің 4 пайызына тең.

«4 пайыз - бұл дамыған елдердің деңгейі. Сонымен қатар қызмет сапасы әлі де болса күтілетін нәтижеге жеткен жоқ. Өңірлерде салынған медициналық нысандар мамандармен толық қамтылуы тиіс, ал олар жетіспейді. Егер кадр болмаса, онда ауруханалардың құрылысын тоқтату керек. Дәрігерсіз корпусты салудың қажеті қанша? Олар қатар жүргізілуі тиіс. Кадрларды дайындауды арттырып, кеңейту қажет»,- деді Н.Назарбаев.

ҚР Президентінің алға тартқан деректеріне қарағанда, Үкіметтің мемлекеттік қарызының 52 пайызы денсаулық сақтау саласына шығындалады. «Мемлекет тарапынан 45 емхананың, алғашқы медициналық көмек орталығының, 300 дәрігерлік амбулаторияның, оның ішінде 26 апаттық нысанның орнына құрылыс жоспарланған. Дегенмен, 32 нысан бойынша құрылыс жұмыстары тоқтап қалған», - деді ҚР Президенті.

Соңғы жаңалықтар