Каирде Таяу Шығыстағы бейбіт үдерісті қайта жалғастыру мәселелері талқыланады
АСТАНА. Қыркүйектің 13-і. ҚазАқпарат - Израиль Премьер-Министрі Биньямин Нетаньяху бүгін Мысырға сапары барысында осы елдің Президенті Хосни Мүбәракпен келіссөздер жүргізеді,
деп хабарлайды РБК агенттігі.
Сапар қарсаңында Мысыр сыртқы істер министрлігінің ресми өкілінің хабарлауынша, екі елдің көшбасшылары Таяу Шығыстағы бейбіт үдерістерді қайта жалғастыру мәселелерін талқыламақ. Бірқатар БАҚ-тардың мәліметтеріне қарағанда, Мысыр мен Израиль көшбасшыларының Каирдегі келісіссөздерінің тағы бір тақырыбы - 2006 жылдан бері тұтқында отырған израильдік капрал Гилад Шалитті палестиналық тұтқындарға айырбастауды әзірлеу жөнінде болмақшы.