Қақпағы жоқ кәріз құдықтары туралы iKomek-ке хабарлауға болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ашық құдықтар туралы ақпаратты iKomek-ке хабарлауға болады. Орталықты хабардар етудің бірнеше тәсілі бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қақпағы жоқ кәріз құдықтары туралы iKomek-ке хабарлауға болады

«Қалалық iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығына ашық құдықтар мен құдық қақпақтарының сынғаны туралы ақпаратты жіберуге болады», - делінген орталықтың хабарламасында.

Ақпаратты iKomek орталығына келесі тәсілдер арқылы жолдауға болады: 109 нөміріне қоңырау шалу (қалалық және ұялы телефоннан қоңырау шалу  - тегін); хабарламаны Telegram-дағы: astanaikomek109_bot чат-ботына жіберу, өтінішті әкімдіктің astana.gov.kz сайтына жолдау.

Бұдан бөлек, әлеуметтік желідегі жарияланымдарды #astana109, #ҚалалықiKomekмониторингжәне жеделәрекететуорталығы, #109 #astana109 #ЖеделӘрекетету, #Пайдалы Ақпарат, #ҚалаБүгін, #БізЕлордадағыЫңғайлыӨмірҮшін, #Астана #Астанада #Астана109 #Ikomek #Ikomek109 #Ikomekastana #Елордадағыоқиғалар хештегтерімен белгілеуге болады.