17:21, 04 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Қақпашы пенальти соққысынан қайтыс болды
АСТАНА. Қыркүйектің 4-і. ҚазАқпарат - Румындық «Дунэря» командасының қатардағы жаттығуы қайғылы оқиғамен аяқталды. 19 жастағы қақпашы Александр Ятан екіжақты ойын кезінде доптың соққысынан көз жұмды, деп жазады «Комсомольская правда» басылымы.
Қақпасына тағайындалған пенальтиді қайтармақ болған голкипер командалас серігінің соққысына қарсы шығады. Шабуылды қайтарады, бірақ доп оның жүйкелер түйіскен жанды жеріне тиген.
Одан кейін қақпашы түк болмағандай орнынан тұрып, ойынды жалғастырған. Бірақ біраз уақыттан кейін есінен танып, көгалға құлаған. Содан есіне келмей жүріп кеткен.