Қала басшылығы түнгі көше тәртібін қолға алды

ҚЫЗЫЛОРДА. Наурыздың 26-сы. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Қызылорда қаласы әкімі жанындағы кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия мүшелері қоғамдық орындар мен көшелерде беймезгіл жүрген жасөспірімдерді қадағалауға алды,

Қала басшылығы түнгі көше тәртібін қолға алды
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Құқық қорғау органдары, қалалық білім бөлімі және балалардың құқықтарын қорғау департаментінің өкілдерінен жасақталған арнайы топты қала әкімінің орынбасары Абзал Мұхимов бастап, рейдке шықты. Олар кәмелетке толмағандарды тәртіпке шақыру мақсатында түнгі ойын клубтарын аралады.Мұндай түнгі ойын клубтарының саны оншақты. Оларға кіру бағасы ? 60-100 теңге аралығында. Ақысын төлеуге баланың қалтасы көтерсе, тапжылмай сағат бойына ойнай алады. Жүргізілген рейд барысында "Шыңғыс" клубында 4 жасөспірімнің ойнап отырған үстерінен түсті. Балаларға қатаң ескерту жасалды. Осы рейд жүргізілген күні Шиелі ауданынан келген бір мектеп оқушысы ересек азаматтың қалтасынан ұялы телефонын алып қашқаны анықталды. 9-шы сыныпта оқитын бозбала көп ұзамай құрықталды.