Қала басшысы соғыс және еңбек ардагерлеріне құрмет көрсетті

ОРАЛ. Наурыздың 7-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал қаласының әкімі Самиғолла Оразов бір топ соғыс және еңбек ардагерлерін, ардақты аналарды қабылдап, құрмет көрсетті,

Қала басшысы соғыс және еңбек ардагерлеріне құрмет көрсетті
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қала басшысы әйел-аналарды мерекелерімен құттықтап, қазіргі өмірге жетуде аға ұрпақтың үлесі мол екендігін атап өтті. Сегіз бала тауып, тәрбиелеген Үміт Ақбасоваға «Күміс алқаны» табыс етті. Сондай-ақ келгендердің бәріне ескерткіш сыйлықтар тапсырылды. Ұзақ жыл Орал педагогикалық институтында ұстаздық еткен, Ұлы Жеңіс хабарын өңір жұртшылығына облыстық радио арқылы алғаш жеткізген Меруерт Жолдықайырованың айтуынша, елімізде әйел-анаға деген қадір-құрмет пен қамқорлық ешқашан бәсеңсіген емес. Ол Елбасының жаңа Жолдауында да жан-жақты көрініс тауып отыр.