Қала келбеті жаңарып келеді: Жезқазғандағы негізгі жобалар

ЖЕЗҚАЗҒАН. KAZINFORM - 2025 жыл Жезқазған қаласы үшін абаттандыру және көгалдандыру жылы болды. Қала аумағында саябақтар мен қоғамдық кеңістіктерді жаңғырту, тұрғын үйлердің қасбеттерін жақсарту және инфрақұрылымды дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды.

Жезқазған қаласы әкімдігі
Фото: Жезқазған қаласы әкімдігі

Алашахан даңғылы бойындағы жаяу жүргіншілер аймағы абаттандырылды. Қалада 31 жаңа балалар ойын алаңы орнатылып, 8 алаң қалпына келтірілді. Сонымен қатар, 100 қоқыс контейнер алаңы абаттандырылып, 400 контейнер ауыстырылды.

Жезқазған қаласы әкімдігі
Фото: Жезқазған қаласы әкімдігі

Аулаішілік жарықтандыруды жақсарту мақсатында 105 көше шамы мен жарықтандыру тіректері орнатылды. «Қазақмыс» корпорациясының қолдауымен 40 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеті жаңартылды. Момышұлы көшесіндегі саябақты абаттандыру жұмыстары аяқталуға жақын.

Қаланың дамуы жаңа Батыс ауданымен жалғасып жатыр. Бас жоспарға сәйкес бұл аумақта әлеуметтік нысандар мен заманауи тұрғын үй кешендері салынады. Болашақта мұнда 12 мыңнан астам тұрғын өмір сүреді деп жоспарланған.

Жезқазған қаласы әкімдігі
Фото: Жезқазған қаласы әкімдігі

Сәулеттік келбет пен қала құрылысы жоспарлау бағытында батыс ауданда магистральдық жылу, су және кәріз желілерінің құрылысы жалғасып жатыр. Сонымен қатар қаладағы төрт ауданның егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары әзірленіп жатыр.

Жезқазған қаласының бюджеті мен инвестициялық әлеуеті артып келе жатқанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар