Қала күні мерекесінде Лариса Долина, Олег Погудин мен Нино Лежава өнер көрсетеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қала күні мерекесіне орай ұйымдастырылған «Астана кештері» III халықаралық өнер фестивалі биыл 20-22 маусым аралығында өтеді.
None
None

Бұл туралы Астана қаласының 16 жылдығына арналған мерекелік шараларды дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің медиа-штабынан хабарлады.

Аталмыш фестиваль аясындағы үш концертке Ресей, Қазақстан, Әзербайжан және Италияның танымал орындаушылары қатысады. Олардың арасында Лариса Долина, Олег Погудин мен Нино Лежава бар. Ал концерттердің бәрі life форматында өтеді.

Айта кетер жайт, «Астана кештері» III халықаралық өнер фестивалі қайырымдылық шарасына жатады. Билеттер тегін таратылады. Фестиваль ұйымдастырушыларының мақсаты - тұрғындардың түрлі әлеуметтік топтарын әлемдік музыка жауһарларымен сусындату.

Осыған дейінгі өткен екі фестиваль сәтті ұйымдастырылды. Оның біріне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысқан болатын. Қазіргі жоба бұрынғыдан да ауқымды әрі жан-жақты болады деп күтілуде. Ұйымдастырушылары: «Дегдар» қоғамдық қоры, «Джей Ти Ай Казахстан» компаниясы.

Ф естивал ь кестесі : 20 маусым сағат 14.00 Бейбітшілік және келісім сарайы (холл)

Вадим Соловьев фотокөрмесінің ашылуы

20 маусым сағат 19.00 Бейбітшілік және келісім сарайы

Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық ұлт аспаптар оркестрі

Жеке орындаушылар Айгүл Қосанова, Шаба Әденқұлқызы

Ерлан Рысқали, Қанат Әмірханов 21 маусым сағат 14.00 «Астана Опера» театры (камералық зал)

Фортепиано және вокалды музыка концерті

Тимур Орманшиев (ф-но) - Қазақстан

Нино Лежава (сопрано) - Италия

21 маусым сағат 19.00 Бейбітшілік және келісім сарайы

Ресейдің жезтаңдай әншісі Олег Погудин (Санкт-Петербор). Ресейлік музыкант, орыс романстарын орындаушы, доцент, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі

21 маусым сағат 14.00 «Астана Опера»театры (камералық зал)

Әзербайжандық дәстүрлі мугама орындаушыларының ансамблі (Баку)

22 маусым сағат 19.00 Бейбітшілік және келісім сарайы

Лариса Долина;

Вадим Эйленкриг (керней) - Ресей;

Тимур Орманшиев (ф-но);

«Астана» эстрадалық-симфониялық оркестрі

Айта кетер жайт, Астана тұрғындары мен қонақтары барлық концерттерге шақыру билеттерін Бейбітшілік және келісім сарайы кассасынан тегін ала алады.

Соңғы жаңалықтар