Калачи ауылында тағы бес адам ұйқы қысып, естен танды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола облысында ұйқы қысып, аты жоқ ауру есінен танғандар саны артуда. Бұл жолы Калачи ауылының 5 тұрғыны ауруханаға жеткізілген.
None
None

Арасында кеселге екінші рет шалдыққандар да бар, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

«Алғашында бір тәулік ұйықтаппын. Осы жолы екінші рет қайталанып отыр. Ауруханаға байлап әкеліпті. Сандырақтап жүріп кеткен екенмін. Әйелімде де осы кесел»,-дейді Калачи ауылының тұрғыны Владимир Кургузкин.

Қалың ұйқыға кеткендердің диагнозы бірдей. Ұйқысырап, есінен адасып, сандырақтайды. Әуелі оларды Есіл аудандық ауруханасына жеткізген. Кейін облыстық ауруханаға әкеліпті. Қазір ұйқыларынан оянғанымен, әлі дел-сал күй кешуде. Тіпті қанша уақыт қалғып кеткендерін, бүгін қай күн екенін де естеріне түсіре алмай отыр.

Айта кетсек, былтырдан бері Калачида 42 адам осындай сырқатқа шалдыққан. Бұрынғы уран кен орнынан ат шаптырым жерде тұратындардың неліктен осындай жағдайға ұшырағанын әлі күнге дейін еліміздегі білікті мамандардың бірде-бірі анықтай алар емес.

Соңғы жаңалықтар