Калачи селосына қонаққа келген 4 жасар бала «ұйқы ауруына» шалдықты
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы Есіл ауданының Калачи селосына қонаққа келген 4 жасар бала ұйқыға кетті. Бұл туралы аймақ ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
ТЖД мәліметі бойынша, 2010 жылы туылған бала Арыстан Жұмабеков Астанадан Калачидегі әжесінің үйіне келген көрінеді.
Қазанның 3-і күні түнгі сағат 22:50 шамасында өзін жайсыз сезінген бала аудандық ауруханаға жеткізілген.
Дәрігерлер балаға бірден түсініксіз этиология энцефалопатиясы деген диагноз қойып отыр. Қазіргі кезде бала дәрігерлердің бақылауына алынып, Есіл аудандық ауруханасында ем қабылдап жатыр.