Қалалық аэротаксиді енгізу процесі қай кезеңде

АСТАНА. KAZINFORM — Қалалық аэротаксилерді қондыру қону алаңдары салынып жатыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлім етті. 

Қалалық аэротаксиді енгізу процесі қай кезеңде
Фото: gulfnews.com

— Озық технологияларды енгізу және қалалық аэротаксиді (Urban Air Mobility) дамыту мәселесі пысықталып жатыр. «Аллюр» және «Алатау Эдвансд Групп» компаниялары тестілік пилотсыз ұшу аппараттарын сатып алу процесін іске асырып отыр. Сонымен қатар қону алаңдарын және операциялық орталықтың құрылысы басталды, — деді Нұрлан Сауранбаев.

Бұған дейін қазақстандық әуе компанияларына Таяу Шығыстағы жағдай қалай әсер етіп жатқанын жазған едік

2025 жылы қазақстандық әуе компаниялар 15 млн жолаушы тасымалдады. Биылғы алғашқы 4 айда жолаушылар саны 4 млн-нан асты.

Сонымен қатар министр үш жылда елдегі әуежайлардың инфрақұрылымын жаңарту ерекше бақылауда болатынын айтты.