Қалалық мәслихаттың депутаттары Павлодардың құрметті азаматы атануға лайықты үш үміткерді бекітті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар қалалық мәслихатының депутаттары «Павлодар қаласының құрметті азаматы» атағына лайықты үш адамның кандидатурасын бекітті.
None
None

Қала әкімі тарапынан депутаттық корпусқа бірнеше адамның кандидатурасы ұсынылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Барлық үміткерлер мәслихат отырыстарында талқыланып, үш адам бекітілді, - деді қалалық мәслихаттың депутаты Сандуғаш Қалижанова. Бекітілген азаматтардың тізімі: Амантай Аймағамбетов КСРО-ның еркін күрестен спорт щебері. Республикалық Қаз КСР деңгейінің төрешісі, Павлодар облысының грек-рим, еркін және әйелдер күресі Федерациясының мүшесі, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы алқасының мүшесі. Аймағымыздағы спорт саласының дамуына елеулі үлес қосқан бапкер. Шолпан Байғалы мемлекеттік тіл мен журналистиканың, ауызша және жазбаша шығармашылық өнердің дамуына үлес қоқан ақын. Мұсылман әйелдер Лигасының Павлодар облысы бойынша филиалының ұйымдастырушысы. «Ақ жаулық», «Айбат» пен «Тіл таным» газеттерінің негізін қалаған. «Қазақ журналистикасының тарихы», «Көктем тынысы», «Ай-нұрым менің», «Еркелеймін Ертіске», «Сезімді қайтем тулаған» және «Сыр сандық» кітаптарының авторы. Альберт Сафарбаков директорлар алқасының мүшесі, «Павлодарэнерго» АҚ мен «Павлодарлық электржелілерін тарату компаниясы» АҚ-ның тәуелсіз директоры. 1985 жылдан бастап «Павлодарэнерго» АҚ 10 жыл басқарып, Совет одағы мен Қазақстанның ең белді электр кәсіпорынының бірінде жетекшілік еткен. Азаматтарды марапаттау рәсімі 16 шілде Қала күнінде өткізіледі. 

Соңғы жаңалықтар