20:21, 11 Қаңтар 2010 | GMT +5
Калифорния күшті зілзаладан шығынсыз шықты
АСТАНА. Қаңтардың 11-і. ҚазАқпарат - Калифорния соңғы алты жылда орын алған күшті зілзаладан ойдағыдай шықты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.
Сенбі күні, қаңтардың 9-ында кіндігі штаттың солтүстік жағалауларында орналасқан дүмпудің тербелісі 6,5 баллға жетті, алайда үлкен қирандылар мен адам шығыны тіркелген жоқ. Медициналық көмекке 30-ға жуық адам жүгінді, ең маңызды диагноз - жамбас сүйегінің зақымдануы.
Сарапшылардың пікірінше, мұндай қуатты зілзала үшін оның салдарынан болған зардаптарды - пеш мұржасының құлауын немесе терезенің сынуын - ауызға алмаса да болады. Бұл зілзала кіндігінің орналасуына және зардап шеккен аймаққа адамдардың сирек қоныстануына байланысты: жергілікті тұрғындар негізінен зілзалаға барынша төзімді, конструкциясы ағаш каркастан жасалған үйлерде тұрады.