03:51, 04 Желтоқсан 2025 | GMT +5
Калифорнияда ұшақ апатқа ұшырады
АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ әуе күштерінің F-16 жойғыш ұшағы Калифорния штатының Сан-Бернардино округінде апатқа ұшырады, деп хабарлайды Report.
Оқыс оқиға округке жақын Трон әуежайының жанында болды. Ұшқыш жарақат алған.
Әзірге апаттың нақты себебі анықталған жоқ.
Айта кетейік, бұған дейін АҚШ-тың әскери қызметкерлері тікұшақ апатынан қаза тапқаны туралы жазған едік.
Сондай-ақ Түркия Грузиядағы ұшақ апатынан кейін C-130 рейсін тоқтатқаны туралы жаздық.