12:57, 30 Желтоқсан 2015 | GMT +5
Калифорнияда теңіз пілі трассадағы қозғалысты тоқтатты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Американдық Калифорния штатында жергілікті билік федералдық трассадағы қозғалысқа кедергі келтірген теңіз пілімен арпалысты.

Зоологтар 500 келілік жануарды ескектер және дыбыс сигналдарының көмегімен суға кіргізбек болған.
Бұдан нәтиже шықпаған соң оған транквилизатор егіп, алысқа апарып, еркіндікке босату үшін ұйқылы-ояу күйінде автоплатформаға салды, деп хабарлады Би-би-си.