Калифорнияда ұшақ ғимаратқа құлады: екі адам қаза тапты

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ-тың Калифорния штатының Фуллертон қаласында бір қозғалтқышты Van’s Aircraft RV-10 ұшағы ғимаратқа құлап, шатырын тесіп өтті.Оқиға 2 қаңтар күні жергілікті уақыт бойынша сағат 14:00-де болған.

Калифорнияда ұшақ ғимаратқа құлады: екі адам қаза тапты
Фото: wikipedia.org

— Екі адамның қаза болғаны расталды. Он адам жергілікті ауруханаларға жеткізілді, сегізіне сол жерде медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне жіберілді, — деп хабарлады жергілікті полиция.

Тергеу жұмыстары жалғасуда.

Бұған дейін БАӘ-де жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырап, екі ұшқыш қаза тапқаны хабарланған болатын.

Соңғы жаңалықтар