Қалың қар мен көктайғақ: Абай облысында жол қозғалысына шектеу қойылды
АСТАНА. KAZINFORM — Абай облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық жолдар уақытша жабылды, деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.
— 17 сәуір күні сағат 09:00–ден бастап ауа райының күрт нашарлауына (қалың қар, көктайғақ) байланысты жол қызметтерінің арнайы техникасынан басқа барлық көлік түрлері үшін кейбір республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді, — делінген хабарламада.
Шектеулер келесі учаскелерде қолданылады:
- KAZ07 «ҚХР шекарасы — Майқапшағай — Зайсан айналма жолы арқылы — Қалбатау — Семей — Павлодар — РФ шекарасы (Урлютөбе бекеті)» автожолы
км 756–906 учаскесі (Семей қаласынан Қалбатау ауылына дейін)
км 910–1002 учаскесі (Қалбатау ауылынан Көкпекті ауылына дейін)
- KAZ08 «Алматы — Талдықорған — Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы» автожолы
км 778–967 учаскесі (Аягөз қаласынан Қалбатау ауылына дейін)
км 971–1013 учаскесі (Қалбатау ауылынан Шығыс Қазақстан облысының шекарасына дейін)
- KAZ21 «Өскемен — Семей» автожолы
км 103–198 учаскесі (Шығыс Қазақстан облысының шекарасынан Семей қаласына дейін)
— Шектеулер жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында енгізілді. Жүргізушілерден ауа райы тұрақталғанға дейін аталған бағыттарға барудан бас тартуды, сондай-ақ уәкілетті органдардың ақпараттарын қадағалап отыруды сұраймыз. Қозғалыс қайта ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады, — деп ескертті тәртіп сақшылары.
Осыдан бұрын Өскеменде көктемгі жылы ауа райынан кейін жағдай күрт өзгеріп, қаланы қалың қар басқанын жаздық.