Қалың қар Мюнхен мен Венаны әбігерге салды

АСТАНА. KAZINFORM — Толассыз жауған қар Бавария мен Австриядағы әуе қатынасына қайтадан кедергі келтірді, деп Bild басылымы жазды.

Қалың қар Мюнхен мен Вена әуежайларының жұмысын тоқтатты, ондаған рейс кейінге шегерілді
Фото: BILD

Мюнхен әуежайында 20 ақпанға қараған түні сондай-ақ таңда жаппай рейстер кешігіп, ұшпай қалды. Бір күн бұрын шамамен 100 рейс тоқтатылса, 20 ақпан таңына қарай тағы 50-ге жуық рейс кейінге қалдырылған. Әуежай жұмысының қашан толық қалпына келтірілетіні әзірге белгісіз.

Сонымен қатар Бавария жолдарында ондаған жол-көлік оқиғасы тіркеліп, кемінде 12 адам жарақат алған.

Вена әуежайы 20 ақпан таңертең бірнеше сағатқа толық жұмысын тоқтатты. Соның салдарынан шамамен 150 рейс тоқтатылды. Өткен түнде Австрия астанасында 20 см-ге жуық қар жауған.

Әуежай мәліметінше, кеше бері шамамен 15 мың тонна қар шығарылған, бұл шамамен 1 мың жүк көлігіне тең.

Ал кешеден бері Мәскеуге жауған қалың қардан кептеліс үдеп, такси бағасы шарықтады. Тіпті кейбір рейстер ұшпай қалды. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум