09:37, 02 Маусым 2015 | GMT +5
Қалмақтар Будданың туған күнін атап өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 2 маусым күні Калмыкияда Будда Шакьямунидің туған күні құрметіне оның өмірі туралы деректі фильм, діни тақырыптардағы дәрістер өтіп, арнайы ғибадаттар мен ырымдар жасалады. Бұл туралы "РИА Новости" агенттігіне республиканың орталық Құралының (хурул) өкілі хабарлады.

Республика басшысы Алексей Орловтың жарлығына сәйкес, бұл күн демалыс күні деп жарияланған. Аңызға сүйенсек, буддизмнің негізін қалаушы біздің эрамызға дейін 623 жылы осы күні дүниеге келіпті. Уақыт өте келе, Будда дәл осы күні нұрланып, Паринирванаға (шексіз тыныштық пен бақыт) кетіп, көз жұмған. Осылайша, Будданың өміріндегі ең маңызды үш оқиға бір күнде аталып өтіледі. «Күндіз сондай-ақ, «Будданың өмірі» деректі фильмін көрсету жоспарланған. Онда «Өмір Құпиясының» сырын ашу үшін сарайдан кеткен жас адам туралы баяндалады», - дейді хурул өкілі.