19:37, 10 Қаңтар 2010 | GMT +5
Қалың қар Шынжаңда 800 үйді қиратты
АСТАНА. Қаңтардың 10-ы. ҚазАқпарат - Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінде жауған қалың қардан 799 үй қирады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап. Тағы бес мың үй бүлінген. Бір адам мерт болды.
Ауа райының қолайсыздығынан 5435 адам көшірілді. Қалың жауған қардан зардап шеккендер үшін жергілікті билік 5 мың шатыр, 10 мың жылы күртеше және мақтадан жасалған осыншама көрпе бөлді. Көшірілгендерді барлық қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету және зардап шеккендерге көмек көрсету үшін жалпы жиыны 2,2 миллионнан астам доллар жұмсалатын болады.