Қалың жауған қардың салдарынан Бейжіңдегі «Шоуду» халықаралық әуежайында 50 шақты рейс кейінге қалдырылды
БЕЙЖІҢ. Ақпанның 8-і. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Өткен демалыс күндері толассыз жауған қалың қардың салдарынан Бейжіңдегі «Шоуду» халықаралық әуежайында 50 шақты рейс кешікті және кейінге қалдырылды.
Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, ауа райының қолайсыздығынан өткен демалыс күндері 43 рейс кешіктірілді, 7 рейс кейінге қалдырылды, 51 рейс кесте бойынша орындалды. Қазіргі таңда әуежайдың барлық үш ұшып-қону алаңы жұмыс істеуде.
Естеріңізге сала кетейік, қаңтар айының басында қалың қардың салдарынан осы «Шоуду» әуежайында 800-ге жуық рейс жолдан қалдырылған еді.