Камала Харрис Калифорния штатының губернаторы қызметіне кандидатурасын ұсынбайды
АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ-тың бұрынғы вице-президенті Камала Харрис 2026 жылы Калифорния штатының губернаторы лауазымына кандидатурасын ұсынбау туралы шешім қабылдады.
Демократтар партиясының экс-кандидаты Камала Харрис бұл жөнінде X әлеуметтік желісінде мәлімдеме жариялады.
— Соңғы айларда мен Калифорния тұрғындарына осы ұлы штаттың губернаторы болуға мүмкіндік беруін сұрау туралы шын ниетпен ойландым. Мен бұл штатты, оның халқын және болашағын жақсы көремін. Бұл — менің үйім. Алайда терең ойлана келе, мен алдағы сайлауда губернаторлыққа кандидат болмаймын деген шешімге келдім, — делінген мәлімдемеде.
Бұдан бұрын сәуір айында АҚШ-тың бұрынғы вице-президенті Камала Харрис 2026 жылы Калифорния губернаторы сайлауына түсуді жоспарлап отырғаны хабарланды.