15:33, 10 Шілде 2017 | GMT +5
КамАЗ-дан құлаған құбырлардың астында қалған қызға дәрігерлер ота жасамақшы
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Жол апатында жүк көлігінен құлаған ауыр құбырлар астында қалған қалған бойжеткенді дәрігерлер ота жасауға дайындап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, бойжеткен №4 аурухананың жарақат бөліміне ауыр жағдайда түскен.
«Оның жамбас сүйегі сынып кеткен. Қазіргі таңда пациентке ота жасауға дайындалып жатырмыз», - деді
Айта кету керек, Алматыда жылу желісінің құбырларын тасымалдап бара жатқан КамАЗ жүк көлігі жол апатына ұшыраған болатын. Жүргізуші бұрылысқа келгенде рөлден айырылып қалып, құбырлар аударылған тіркемеден сырғып түскен. Сол кезде диаметрі шамамен 60 см болатын темір құбырлар дөңгелеп барып жолдан өтіп бара жатқан қызды жарақаттаған .