Камбоджа Трампты ресми түрде Нобель сыйлығына ұсынды

АСТАНА. KAZINFORM – Камбоджа АҚШ президенті Дональд Трампты Тайланд елімен шекарада бейбітшілікті қалпына келтіргені үшін ресми түрде Нобель сыйлығына ұсынды, деп хабарлайды Камбоджа баспа агенттігі.

Камбоджа официально выдвинула Трампа на Нобелевскую премию мира
Фото: GLOBAL LOOK PRESS

Ел премьер-министрі Хун Манет жолдаған хатта Трамптың кандидатурасы оның бүкіл әлемде бейбітшілікті нығайтуға қосқан үлесі үшін ұсынылып отырғаны айтылған.

- Ол дер кезінде іске араласып, үлкен қақтығыстың алдын алды. Өйтпегенде қаншама адам құрбан болуы мүмкін еді. Ол екі арасында бейбітшіліктің орнығуына жол салды,-деді ол.

Камбоджаның бұл ниеті туралы өткен аптада-ақ белгілі болған еді.

1 тамызда Камбоджа премьер-министрінің орынбасары Сун Чантол Трампқа бейбітшілікті орнатуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіріп, бұл әрекеттің халықтар арасындағы достыққа қосқан үлесі үшін жеке тұлға мен ұйымға берілетін танымал халықаралық сыйлыққа лайықты екенін атап өтті.

Осыған дейін Куала-Лумпурде өткен келіссөздер барысында Тайланд пен Камбоджа екі ел арасындағы шекарадағы жағдайды реттеу туралы келісімге келгені туралы жаздық.

Ертесіне таң ата Тайланд пен Камбоджаның шығыс шекарасында қақтығыстар басталды. Екі тарап та бір-бірін атысты бастады деп айыптады.

Таиланд пен Камбоджа арасындағы ұзақ жылдық қақтығыс неліктен қайталануы мүмкін екені туралы мына сілтемеден оқысаңыздар болады.

 

Соңғы жаңалықтар