Камбоджада автобус өзенге құлап, 13 адам қаза тапты
АСТАНА. KAZINFORM — Камбоджаның орталық бөлігіндегі Кампонгтхом провинциясында бейсенбі күні таңертең автобус көпірдегі қоршауға соғылып, өзенге құлаған. Көлік апаты салдарынан 13 адам қаза тауып, 20-дан астам адам зардап шекті, деп хабарлайды ABC News.
Автобус Ангкор-Ват ғибадатханалық кешені орналасқан Сиемреалдан ел астанасы Пномпеньге қарай келе жатып, Кампонгтхом орталық провинциясында таңсәріде апатқа ұшыраған. Бұл туралы аудан полициясының орынбасары Сив Сованна хабардар етті.
Оның айтуынша, автобустың ішіндегі барлық жолаушылар Камбоджа азаматтары.
Death toll rises to 16 in bus crash in Kampong Thom province. https://t.co/6TTKOdjMSc pic.twitter.com/hcSdVowrQL
— Noan Sereiboth (@noansereiboth) November 20, 2025
Сив Сованнаның сөзіне сүйенсек, тергеу анықтағандай, жүргізушінің Сиемреаптан түнде шыққанда-ақ ұйқысының шала болғаны анықталған, ал бұл жол әдетте шамамен бес жарым сағатқа созылады. Аудан полициясының орынбасары жүргізушінің қаза тапқандар қатарында бар, не жоқ екенін нақтыламады.
យ៉ាងហោចណាស់មនុស្ស១៣នាក់បានស្លាប់ក្នុងគ្រោះថ្នាក់ចរាចរណ៍រថយន្តមួយក្នុងស្រុកសន្ទុក ខេត្តកំពង់ធំ វេលាប្រមាណ៤ព្រឹកថ្ងៃព្រហស្បតិ៍ ទី២០ វិច្ឆិកានេះ pic.twitter.com/N4ECpNglT3
— Post Khmer (@postkhmer) November 20, 2025
Аталған автобуста шамамен 40 жолаушы болған деп болжанып отыр, ал бейсенбі күні құтқарушылар өзге де құрбандарды іздеуді жалғастырды.
Сив Сованнаның айтуынша, қаза тапқандардың денесі апат болған жерге жақын ауруханада туыстары алып кеткенше сақталады.
Бұған дейін хабарланғандай, Перудің оңтүстігіндегі Арекипа қаласының маңында жолаушылар автобусы жардан құлап, кемінде 37 адам қаза тапқан еді.