Камчаткада магнитудасы 5,2 балдық зілзала болды
АСТАНА. Қарашаның 25-і. ҚазАқпарат - Камчаткада Командор аралдарының аумағында сәрсенбіге қараған түні магнитудасы 5,2 балдық зілзала болды, Ресей Ғылым академиясы геофизикалық қызметтің өкілі зардап шеккендер мен қирағандардың жоқ екенін мәлім етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап.
Зілзаланың кіндігі Усть-Камчатск аудан орталығынан шығысқа қарай 90 шақырым қашықтықта және Беринг аралындағы Никольск селосынан солтүстік-батысқа қарай 150 шақырым жерде Камчатка бұғазында, 33 шақырымдық тереңдікте болды.