Камчаткада жер сілкінісіне байланысты төтенше жағдай режимі енгізілді

АСТАНА. KAZINFORM –  30 шілдеде болған жер сілкінісіне байланысты Камчаткадағы бірнеше елді мекенде төтенше жағдай режимі жарияланды, деп хабарлайды ТАСС

Камчаткада жер сілкінісіне байланысты төтенше жағдай режимі енгізілді
Фото: РИА Новости / Александр Пирагис

Бұл туралы өңірдің Төтенше жағдайлар жөніндегі бас басқармасы мәлімдеді.

— Камчатка өлкесі губернаторының өкіміне сәйкес, 30.07.2025 күні орын алған күшті сейсмикалық оқиғаға және ғимараттар мен құрылыстардың жағдайын бағалау қажеттілігіне байланысты Камчатка аумақтық РСЧС жүйесінің күштері мен құралдары үшін «Төтенше жағдай» режимі енгізілді, — делінген хабарламада.

30 шілдеде Камчатка жағалауында қуатты жер сілкінісі болды. Бұл аймақта 1952 жылдан бері тіркелген ең күшті сілкініс саналады. Билік мәліметінше, оның магнитудасы 8,8-ге жетті. Камчаткада жоғары дайындық режимі жарияланды.

Күшті жер сілкінісі Солтүстік Курильск қаласында да сезілді. Сілкініс Тынық мұхитында цунамидің пайда болуына себеп болды. Оның қаупі туралы Жапония, АҚШ және Филиппин билігі ескерту жасады. 

Айта кетелік жер сілкінісінен кейін Камчатканың бір бөлігі шамамен 2 метрге жылжыған еді

 

Соңғы жаңалықтар