14:58, 27 Ақпан 2010 | GMT +5
Камчаткаға аса қуатты циклон төніп келді
АСТАНА. Ақпанның 27-сі. ҚазАқпарат - Камчаткаға аса қуатты циклон төніп келеді, қатты боран тұрды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.Ру сайтына сілтеме жасап.
Түбекті қалың қар басып қалған. Петропавлдың бастауыш сыныптарындағы сабақтар тоқтатылды. Мәскеу мен Владивостоктан келетін авиарейстер кешеуілдетілуде.
Магадан облысында да осындай жағдай орын алды. Онда Ольск ауданында бірнеше аудан жарықсыз қалды. Қар көшкіні болу қаупі артты. Жолдардағы көру қашықтығы нашарлады. Жергілікті билік халыққа жеке көліктерімен жолға шықпау жөнінде ескертті.