01:01, 02 Маусым 2014 | GMT +5
Камерунда «Боко Харамның» 40 мүшесінің көзі жойылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Камерунның қауіпсіздік қызметі елдің солтүстігінде «Боко Харам» қылмыстық тобының 40 мүшесінің көзін жойды, деп жазады Рейтер агенттігі.
Билік Куссери қаласының батысында Нигерия мен Чад елдері шекарасына жақын жерде болған қарулы қақтығысты растады. Мәліметтер бойынша, мемлекеттік қауіпсіздік қызметкерлері қатарынан қаза тапқандар жоқ.