Камила Аймукашева Ислам ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды

АСТАНА. KAZINFORM – Камила Аймукашева таеквондо WT бойынша қола үшін өткен жекпе-жекте жеңіске жетті. Бұл туралы Спорт комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Камила Аймукашева Ислам ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды
Фото: Спорт комитеті

Павлодарлық таеквондошы Камила Аймукашева VI Ислам ынтымақтастық ойындарында үшінші орын үшін өткен кездесуде Гамбия өкілі Мария Сайнабоудан басым түсті.

Жекпе-жек қорытындысы бойынша ел спортшысы 57 кг салмақ дәрежесінде қола медаль еншіледі. 

Айта кетелік муай-тайдан Қазақстан құрамасының өкілі Тұрар Дүйсехан Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) Ислам ынтымақтастығы ойындарында Қазақстан қоржынына 11-ші алтын медальді салды

Соңғы жаңалықтар