Қамшы іліп, ән айтқан арулар: Моңғолияда 100-дегі әже шабандоздар фестиваліне қатысты

АСТАНА. KAZINFORM — Моңғол ұлттық мұрасын насихаттау мақсатында Өмнөговь аймағының Ханхонгор сомонында «Моңғол әйел шабандоздары» фестивалі өтті, деп хабарлайды Монцамэ.

Моңғолияда ұлттық мұраны ұлықтаған әйел шабандоздар бас қосты
Фото: Монцамэ

Фестивальге аймақтың 15 сомонынан келген әйел шабандоздар қатысты.

Фестивальді ұйымдастыру бастамасын Өмнөговь аймағы Азаматтар өкілдері хуралының мүшесі Б.Тувшинбаяр көтерген.

«Моңғол әйел шабандоздары» фестивалінің бағдарламасына бірнеше жарыс түрі енгізілді. Атап айтқанда шабандоздар ат үстінде шаба жүріп жерден қамшыны іліп алу, қысқа қашықтыққа ат жарысы, командалық эстафета және қатысушылар арасында «Әдемі аттағы шабандоз» мен «Кім жақсы ән айтады?» атты қызықты байқаулар өтті.

Моңғолияда ұлттық мұраны ұлықтаған әйел шабандоздар бас қосты
Фото: Монцамэ

Фестивальдің ең жасы үлкен қатысушысы — Цогт-Овоо сомонының тұрғыны болды. Ол — шабандоз ат өсіруші әйелдердің алғашқысы саналатын Цэрэнгаажидын Цэрэнсодном, биыл ол 100 жасқа толды.

Моңғолияда ұлттық мұраны ұлықтаған әйел шабандоздар бас қосты
Фото: Монцамэ

Осыдан бұрын Ұланбатыр қаласында Азия қалаларының фольклоры мен халық қолөнері фестивалі — «Asia Folk 2025» өткен еді.

Соңғы жаңалықтар